- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында әскери қызметшілер жолда қалған 120 адамды құтқарды
Қарағанды облысында әскери қызметшілер жолда қалған 120 адамды құтқарды
«36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты», - делінген хабарламада.
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы-Екатеринбург трассасында Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықта Ақбастау кентінің маңында боранды күні 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай ақ жүргіншілер мінген 2 автобус жолда қалған.
Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жеткен. Машиналарды эвакуациялау үшін Спассктегі оқу-жаттығу орталығының қолбасшылығы 2 автомобиль мен бір шынжыр табанды техника бөлді.
«Операция табысты аяқталып, әскери қызметшілер жүргізушілердің Қарағанды қаласына дейін жетіп алуына көмектесті. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер әскери бөлімге қайта оралып, күнделікті жауынгерлік даярлыққа кірісіп кетті. Бірақ апаттық-құтқару тобы кез-келген уақытта жолда жаураған қазақстандықтарға көмекке келуге әзір», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады