• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шараларын әзірледі

Үкімет "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шараларын әзірледі

15 Мамыр, 2017 15:25
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Заречное ауылындағы "Северный" шағын ауданында болып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өңірде жүргізіліп жатқан тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.

Жаңа шағын ауданның көлемі 37 гектарды құрайды, құрылысқа 271 учаске бөлінген. Мұнда 34 үй салу жоспарланып отыр. Жер учаскелерінің шекараларына қажетті инфрақұрылым - газ, су, электр жарығы өткізілген, делінген хабарламада.

Ағымдағы жылы Қостанай облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 210 мың шаршы метр тұрғын үй енгізу жоспарланып отыр. Жалпы бағдарлама бойынша бес жыл ішінде облыста 1 млн 150 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақ.

Үкімет «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шараларын әзірледі. Соның ішінде мемлекеттік субсидиялар есебінен ипотекалық несиелерді арзандату, «Даму» АҚ субсидиялары есебінен жеке құрылысшылардың құрылысын ынталандыру.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған тұрғын үйлер мен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді салу жалғасуда. Жаппай тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскелері бөлінетін болады. 

Барлық жаңалықтар