- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа қондырғы Қазақстанның шалғайдағы аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмектеседі
Жаңа қондырғы Қазақстанның шалғайдағы аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмектеседі
ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірдің шалғайдағы елді мекенінде орналасқан шаруа қожалықтарын электр энергиясымен және ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында энергетика саласындағы жаңа инновациялық технологияларды дамытуда бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Екі жақты кездесуге тараптар Германия мемлекетінің Юлих қаласындағы Күн энергетикасы институтының арнайы жобасын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жайын талқылады.
Жоғарыда аталған бірлескен жобаның негізгі мақсаты арнайы жылжымалы қондырғылар орнату арқылы Қазақстанның шалғайда тұратын фермерлер мен мал шаруашылығымен айналысатын шағын бизнес өкілдерін электр энергиясымен және ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл арнайы жылжымалы қондырғы көбінесе күн энергиясын пайдалану арқылы жұмыс істей алады. Жоба нақты зерттеліп қондырғылар облысымызға орнатылатын жағдайда қосымша жұмыс орындары ашылады.
Екі ел университетіне ортақ зерттеу жобасы болып табылатын инновациялық жаңа технологияларды дамыту ГФР Білім министрлігі жағынан қаржыландырылады. Кездесу барысында Жақып Құттыбекұлы аталған жобаның облысымызға қажеттілігінің өте жоғары екенін атап өтіп, облыс тарапынан германиялық делегаттарға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары