• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысындағы МЖӘ жобаларының іске асырылу барысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысындағы МЖӘ жобаларының іске асырылу барысымен танысты

15 Мамыр, 2017 16:58
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында «Жемчужина Стомед Уральская» жаңа көпбейінді медициналық орталығына барып, өңірдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру барысымен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министріне цифрлық рентген жүйесі, бейне-эндоскопиялық жабдықтар, ультрадыбыстық диагностика жүйесі қолданылатын клиниканың жабдықталуы таныстырылды.

Медорталық МЖӘ тетіктерін қолданумен жүзеге асырылған жоба болып табылады және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының «жеке медицинаны дамыту негізінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек желісін кеңейту» басымдықты бағытына енгізілген.  

Б. Сағынтаевқа мемлекет тарапынан МЖӘ тетіктерін іске асыру аясында коммуникацияларды реттеуге көмек көрсетіліп жатқандығы баяндалды. Атап айтқанда, медорталыққа апарар жол жөнделді, автобус павильоны орнатылды, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қала автобустарының қозғалыс бағдарлары қайта қаралды.

2016-2017 жылдары Қостанай облысында денсаулық сақтау саласында екі МЖӘ жобасы іске асырылды, оған қоса ағымдағы жылдың соңына дейін Рудный қаласында және Затобольск ауылында емханалар салу бойынша екі жобаны іске асыру жоспарланған.

ҚР Үкіметі биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту үшін бекіту мен жобалардың сараптама мерзімдерін қысқарту жұмыстарын жүргізді, түрлі салаларға арналған МЖӘ жобалары бойынша типтік құжаттама әзірленді, сондай-ақ инвесторларға арналған жобалардың Бірыңғай базасы әзірленуде. 

Сонымен қатар, инвесторлардың МЖӘ-нің ұзақ мерзімді шарттарына сенімін арттыру мақсатында, құжат деректерін қазынашылық органдарында тіркеу мәселелері пысықталуда. Жобаны іске асыру мен мемлекеттік бағдарламаларда келісімшарттарға қол қою шарттарын анықтауға мүмкіндік беретін бұқаралық әлеуметтік маңызды жобаларды жоспарлау үшін Бағдарламалық МЖӘ-ні енгізу мәселесі қаралуда.

 

Барлық жаңалықтар