- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі: Жастарға өз құзыретінің деңгейін арттыру қажет
ҚР Премьер-Министрі: Жастарға өз құзыретінің деңгейін арттыру қажет
Бақытжан Сағынтаев құзыреттілік жаңа экономиканы қалыптастырудың басты факторына айналатынын, сол себепті кәсіби мамандар базалық салаларды дамыту, сонымен қатар елімізде белсенді дамып келе жатқан қызмет көрсету салаларына да қажет екенін атап өтті. Мемлекет кәсіптік білім беру саласына кешенді қолдау көрсетіп келеді.
Ағымдағы жылы «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске қосылады. Сонымен қатар, Үкімет өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, жастар іс-тәжірибесі, «Серпін» және басқа бағдарламалар арқылы барлық оқуға ниетті адамдарға кеңінен қолдау көрсетіп келеді. Жұмыс берушілердің талаптары мен жастардың сұраныстарына жауап беретін мамандық алудың икемді жүйесі қалыптастырылуда.
Кездесу аясында «Балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Т.Антонинова «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы айтты, автомобиль көлігі колледжінің студенті В.Кучеренко WorldSkills жұмысшы мамандықтар бойынша чемпионатына қатысатындығын мәлімдеді, жастар көшбасшысы М.Мұхтарова мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету тақырыбында баяндама жасады, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті А.Гаазе ЭКСПО-2017 аясындағы еріктілер жұмысы мәселелеріне тоқталды, Қостанай құрылыс колледжінің студенті В.Пинаева техникалық білім беру мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатындығымен бөлісті, Қостанай құрылыс колледжінің студенті Д.Иманов көптілділік бойынша бағдарламаны жүзеге асыру туралы айтты.
Мамандарды оқытуда жаңа тәсілдердің қолданылуының және «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысының мысалы ретінде Бақытжан Сағынтаевқа Қостанай автомобиль көлігі колледжінің қызметі таныстырылды.
ҚР Премьер-Министріне тегін кәсіптік-техникалық білім беру аясында колледж биыл 315 адамды оқуға қабылдайтыны туралы айтылды, оның ішінде 100 адам Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қабылданады. Кәсіптік даярлау 7 мамандық және 10 біліктілік бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап колледжде қысқа мерзімді кәсіптік курстар басталған, онда 4 мамандық бойынша 196 адам қамтылған.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы Жолдауында адамзат капиталын дамыту экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыруда басымдықтардың бірі ретінде аталған. Осы жұмыс аясында Үкімет алдында білім беруді оның негізгі буынына айналдыру міндеті тұр. Осы мақсатта қазір қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар