Қазақстан 1,4 млн тоннаға жуық табиғи уран қорына ие

15 Мамыр, 2017 12:14
Республикамыз әлемдегі ең ірі Olympic Dam барлау кен орны орналасқан Австралиядан кейінгі орында тұрса да, соңғы жылдары уран өндірудің әлемдік өсімі негізінен біздің елімізде байқалады, - деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Глеб Щегельский «Уран өнеркәсібінің дамуы туралы» үкімет сағаты барысында.

«Қазақстан табиғи уранның 1,4 млн тоннаға жуық ауқымды қорына ие болса да, Қазақстанның өзіне уран қажет емес. Еліміз ядролық энергетикадан бұрын бас тартқан, жалғыз АЭС сонау 1999 жылы пайдаланудан шығарыла бастаған, содан бері станция Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты етіп қайта құрылған», - деп еске салды мәжіліс депутаты өз баяндамасында.

Г. Щегельский энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың баяндамасына сүйене отырып, 2016 жыл ішінде Қазақстан, Австралия, Канада, Нигерия және Ресей сияқты елдер табиғи уранның барлық әлемдік нарығынан уран өнімінің 80%-ын өндіргенін айтып өтті.

«Бүгінде Қазақстанды табиғи уран өндіру бойынша толық құқықты әлемдік көшбасшы деп атауға болады. Республикамыз әлемдегі ең ірі Olympic Dam барлау кен орны орналасқан Австралиядан кейінгі орында тұрса да, соңғы жылдары уран өндірудің әлемдік өсімі негізінен біздің елімізде байқалады», - деді парламент мүшесі.

Сондай-ақ, депутат шетелдік әріптестер қол қойған Қазақстанның барлық келісімдерін белсенді дамыту қажеттігін де атап өтті.

«Орал электрохимиялық комбинаты базасында, аффинажды зауыт құрылысын ұйымдастыру жөніндегі канадалық CAMECO компаниясымен «Ұлба металлургиялық зауыты» АҚ базасында, Қытайға кепілдендірілген өткізуді қамтамасыз етумен Қазақстанда жылу бөлу құрастыру бөлшектерін шығару жөніндегі қытайлық компаниямен уран байыту жөніндегі қолданыстағы жобалар бүгінде елімізге шетелдік әріптестерден шикізаттың орнына ядролық-отын циклінің жоғары технологиялары трансфертін алуға мүмкіндік беріп отыр», - деп түйіндеді депутат.

Еске сала кетейік, Мәжілісте өткен үкімет сағатында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның жоғары қосылған құны бар қайта өңделген уран өнімін өндіру мен өткізуге мүдделі екенін айтып өткен болатын.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар