• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бақытжан Сағынтаев Қостанай металлургия зауытының инновацияларымен танысты

Бақытжан Сағынтаев Қостанай металлургия зауытының инновацияларымен танысты

15 Мамыр, 2017 11:54
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапары асында «Қостанай» халықаралық әуежайы мен аймақтағы бірқатар өндіріс ошақтарын аралады, деп хабарлады primeminister.kz.

Жаңғырту нәтижесі ретінде жолаушылар ағыны екі есеге, сағатына 400 адамға дейін ұлғайтылады. ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы сертификаттау жұмыстарын жүргізген соң, әуежайдың барлық ұшақтарды түріне, ұшу-қону массасына, рейс жиілігіне

Сонымен қатар, үкімет басшысы  «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» АҚ жұмысымен танысты.

Зауыт қызметкерлері Бақытжан Сағынтаевқа ЭКСПО-2017-ге жіберілген IVECO Crossway автобустарын, сонымен қатар осында шығарылатын жеңіл автокөліктер мен коммерциялық техника желісін көрсетті. Зауытта 7 бренд: Peugeot, SsangYong, Iveco, Hyundai, JAC, JAC Commercial, Ravon және Chevrolet бар. Бұдан өзге, электромобильдер өндірісі ретке келтірілген. 

Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында қажетті инфрақұрылымды құруды қарастыра отырып, экспортқа бағдарланған электромобильдер өндірісін одан әрі дамыту міндетін қойды. 

Бүгінде автокөліктер еліміздің ішкі нарығы мен көрші Ресей мемлекетінде сатылуда. «Холдинг Азия Групп Тәжікстан» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатын болады, оның аясында Тәжікстанға 2 мың JAC және Peugeot автокөліктері жеткізілетін болады.

«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС 2010 жылы құрылған. Кәсіпорында 2010 жылдан 2017 жылғы сәуір айына дейін 26 345 автокөлік шығарылған. 2017 жылдың І тоқсанында 971 көлік құрастырылған. Зауытта шамамен 600 жұмыс орны бар. 

Бұдан басқа, Бақытжан Сағынтаевқа металлургия зауыты – ресейлік серіктестермен бірге іске асырылған инновациялық жоба туралы айтылды. Өзінің техникалық жабдықталуы мен процестерді автоматтандыру деңгейі бойынша кәсіпорын «Индустрияландыру 4.0» Төртінші өнеркәсіптік революция тұжырымдамасына жауап береді.

Бұдан өзге, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шарттар едәуір жақсартылды. Интеграциялық үдерістер нәтижесінде дайын өнімді КО елдеріне экспорттау кезінде кедендік рәсімдеу қажеттілігі жойылды.  

Зауытта металды өңдейді және қайта өңдейді, сондай-ақ арматура, ұсақ сұрыпты илем және басқа да бұйымдар шығарылады. Екі жүзге жуық металлург еңбек ететін кәсіпорынның қуаты жылына 450 мың тоннаны құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың  Қазақстанның аймақтары бойынша жұмыс сапары жалғасуда. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан, Бастық қазақстан, Ақтөбе мен Алматы облыстарында болды. 

Барлық жаңалықтар