- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР жаңа Салық кодексі тамызда Парламентке енгізілмек
ҚР жаңа Салық кодексі тамызда Парламентке енгізілмек
Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов МЖӘ жобаларын жоспарлау рәсімдеулерін жеңілдету үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын баяндады.
«Жеке әріптесті іріктеу мен МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың барлық рәсімдеулері әрбір сала үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда жеңілдетілген түрде қосымша сараптауларсыз тіркелетін болады», - деді Р. Дәленов Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының орындалуын талқылау барысында.
Ол сондай-ақ, жаңа Салық кодексінің қазіргіден басты айырмашылығы мәтіннің жеңіл тілмен жазылуы, көлеңкелі экономикамен күрес жөніндегі шаралар, жеңілдіктер мен уәждеме арқылы қарапайым әкімшілендіру болатындығын атап өтті. Дәленовтің айтуынша, құжатты тамызда парламентке енгізу жоспарлануда.
Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округтер деңгейінде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде ЖӨБ бюджеті енгізілетінін атап өтті.
«Ауыл әкімдері мен олардың аппарат қызметкерлерін оқыту, ЖӨБ дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуге өкілетті органдардың ақпараттық жүйесін, ауыл әкімдері аппараттарын интернет байланысымен және компьютерлік құралдармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылады», - деп хабарлады Жұмағұлов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары