- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан түрік компаниясымен ғарыш саласында ынтымақтастық жасайды
Қазақстан түрік компаниясымен ғарыш саласында ынтымақтастық жасайды
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлағандай кездесу барысында М. Нұрғожин Люксембург Премьер-Министрінің орынбасары – Экономика министрі Этьенн Шнайдермен ғарыш саласындағы перспективалы бағыттар мен ғарыш аппараттарын құрудың мүмкіндіктерін талқылады. Э. Шнайдер екі ел арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасасу жөніндегі ниеттерін білдірді.
Бұдан бөлек, форум шеңберінде қазақстандық делегацияның басшысы осы іс-шарада өзінің өнімдерін таныстырған әртүрлі компаниялардың өкілдерімен кездесті.
Сонымен қатар, Стамбул қаласында (Түркия) «IDEF 2017» халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Арман Рамазанов бастаған қазақстандық делегация түрік компаниясымен ынтымақтастық жасау туралы келісті.
«SES.A.» компаниясының өкілдерімен өткен кездесуде тараптар ғарыш қызметін дамыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ретке келтіру жолдарын талқылады. Осы мақсатта, сондай-ақ ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындау үшін «SpaceDays-2017» халықаралық семинарының алаңында келесі кездесуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, «ICT SpringEurope» көрмесінің шеңберінде қазақстандық делегация Иран мен Франция өкілдерімен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ «Luxinnovation», «Basir» және «GovSat» компанияларының өнімдерімен танысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді