- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 3 мыңға жуық адам велошеруге қатысты
Алматыда 3 мыңға жуық адам велошеруге қатысты
Әдеттегідей, әуесқойлар «Нұрлы Тау» маңында жиналып, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысу үшін бастапқы нөмірлерін алды. Қатысушылар 12 шақырым жерді қала көшелерімен жүріп өтті. Олар мәреге Республика сарайы маңында жетті, қатысушылар KFC аудандық фестивалі мен KFC-лигасының футбол мен стритболдан қалалық іріктеу жарысына куә болды.
Мәреде спорт сүйер қауым мен мереке қонақтары Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ, Қазақстандағы KFC бренд өкілдерінің ҰОС ардагерлерін құттықтау рәсімін тамашалады. Сонымен қатар, Ұлы жеңістің мерекесіне орай ардагерлерге құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Құрметті спортшылар! Бізге дені сау, жігерлі, энергияға толы жастарды көру – бір ғанибет. Қазіргі таңда сіздер үшін барлық жолдар ашық, үкімет беріп отырған керемет мүмкіндіктерді өткізіп алмаңыздар. Спортпен айналысатындарыңыз қандай тамаша, дендеріңіз сау болсын, отанға қызмет етіңіздер! Біз отанды сүйдік, оның тәуелсіздігі үшін соғыстық, соның арқасында қазір ең жақсы, тыныш елде, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Біз, барлығымыз бірге оның көркеюіне ат салысамыз. Сіздерге тек сәттілік тілеймін!» – деп тілек білдірді ардагерлердің бірі.
«Спорттық Алматы» ұйымадастырушылары атынан сыйлықтарға тек ардагерлер ғана емес, сондай-ақ, бүгінгі велошерудің қатысушылары да ие болды.
Қатысушылар KFC Best Fest ұйымдастырушылары атынан мерекелік концерт пен ойын-сауық шоу-бағдарламалар мен стритбол жарыстарының куәгері болды.
Еске сала кетсек, бұл спорттық шара «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осы жылы жоспарланған 20 велошерудің үшіншісі. Бағдарлама мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына, белсенді демалысты насихаттауға бағытталған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді