- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада музей қызметін инновациялық дамыту мәселелері талқыланды
Астанада музей қызметін инновациялық дамыту мәселелері талқыланды
ҚР Ұлттық музейінен хабарлағандай, форумның басты кәсіби тақырыбы - музей қызметін инновациялық дамыту мен ақпараттандырудың өзекті мәселелеріне арналды.
«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында рухани жаңғырудың негізгі көзі ретінде Туған жер және Киелі Қазақстан бағдарламасын айтты. Осы екі бағдарламаның негізінде өлкетанушылық жатыр. Бүгінге дейін мемлекеттік идеологиялық жұмыстар барысында біз өлкетанушылардың қызметін елемей келгенбіз. Бұл сала бұрыннан бар, бірақ, оның потенциялын кең көлемде қолдана алмай келе жатырмыз. Сондықтан да Мәдениет және спорт министрлігі арнайы тапсырма беріп, Ұлттық музейдің базасында өлкетанушылардың орталығын құрып отырмыз. Ендігі жерде Қазақстанның барлық өлкетанушыларының басын қосып, өзара байланыс орната отырып тәжірибе алмасатын боламыз. Осы форум барысында Қазақстанның өлкетанушылар одағын құру туралы ұсыныс түсіп отыр» – деді Ұлттық музей директорының кеңесшісі Берік Әбдіғалиұлы.
Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған Қазақстандағы музей ісі саласын инновациялық дамыту мен ақпараттық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу.
Сонымен, аталған форум пленарлық мәжілістен және 3 секциялық мәжілістерден тұрды. Форум барысында музей қорларын жинақтау және қалыптастыру, музейлік маңыздағы заттарды қорға сатып алу рәсімдері, мәдени құндылықтарды есепке алу және сақтау, музей қызметінде (экспозициялық, қор қызметі, қызметті ақпараттық қолдау, экскурсия қызметі және т.б.) жаңа технологияларды қолданудың өзектілігі және ақпараттандыру мәселелері жайында сөз болды.
Жалпы, форумға республикалық, облыстық, қалалық, аудандық музейлердің басшылары, ғылыми қызметкерлері, қор сақтау бөлімінің мамандары, экскурсоводтар, сарапшылар және музей саласының өзге де қызметкерлері қатысты.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары