Б. Атамқұлов Астанадағы ҒА ҚСК-ның құрылыс барысымен танысты

13 Мамыр, 2017 10:02
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапары аясында Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығына барып қайтты, деп ведомстводан хабарлады.

Б. Атамқұлов дәл механикалық өндірістік теліміндегі Бақылау-өлшеу машиналарымен, жалпақ металды өңдеу және құрастыру, Арнайы ғарыштық техника конструкторлық-технологиялық бюросы (АКТБ ҒТ) және ғарыштық аппаратын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы жөніндегі жұмыс барысымен танысты (ҒА ҚСК).

Кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ҒТ АКТБ және ҒА ҚСК құрылысы бойынша, сондай-ақҰлттық ғарыш орталығына іргелес аумақтарды абаттандыру бойынша тапсырма берілді.

Барлық жаңалықтар