- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО кәсіпкерлері өзбек әріптестерімен табысты жұмыс істеуде
ОҚО кәсіпкерлері өзбек әріптестерімен табысты жұмыс істеуде
«Біздің аймақ бизнесті дамыту үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасау әлеуетімен ерекшеленеді. 2010 жылы Шымкент қаласында тоқыма өнеркәсібін дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Сонымен қатар, облысымыздағы 11 индустриалды аймақта кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалған. Бүгінгі кездесу Шымкент пен Ташкент кәсіпкерлерінің арасында болашақ жемісті ынтымақтастықтың негізі болады деп үміттенемін», - деді әкім.
Өз кезегінде, Ташкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нозим Хусанов жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығынан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланысының нығая түсетініне сенім білдірді.
«Бүгін біз 900-ге жуық тауар түрін назарларыңызға ұсынатын боламыз. Дегенмен, бұл біздің барлық әлеуетіміз дегенді білдірмейді. Алдағы басқосуларымызда да табысты жетістіктерге бірге жетеміз деген үміттемін. Жалпы, Қазақстан мен Ташкент арасындағы сауда айналымы жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, былтыр Қазақстанның Ташкентпен арадағы сауда айналымы 500 млн. АҚШ доллары болса, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы нәтиже бойынша аталған сома 150 млн. АҚШ долларына көбейіп отыр», - деп атап өтті Н.Хусанов.
Жалпы, қазіргі таңда екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастың жандануы байқалуда. Яғни, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы тауар айналымының көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрап, оның 30%-дан астамы Оңтүстік Қазақстан облысына (532,4 млн.АҚШ долл.) тиесілі болып отыр.
«Қос мемлекеттің Президенттері – Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиеевтің өзара кездесулері, яғни, өзбек басшысының Елбасымен 22-23 наурызда Қазақстанда кездесуі, 29 сәуірдегі Оңтүстік Қазақстанда жүздесуінің нәтижесінде сауда айналым көлемін 5 млрд. АҚШ долларына жеткізу туралы уағдаластығын ескерсек, бұл біздер үшін аз сома деп білемін. Сондықтан, бауырлас елдер болашақта бұл салалардағы байланысын одан әрі нығайтып, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі күшейтеді деген сенімдемін», - деді Ж.Түймебаев.
Айта кетерлік жайт, бүгінде Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған экспорттың басым бөлігі мұнай және оның өнімдері мен ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдері, астық, қара және түсті металл, цемент, трансформаторлар, органикалық емес химия және азық-түлік өнімдері болып табылады. Ал Өзбекстаннан Қазақстанға жеміс-жидек, көкөніс өнімдері, мақта талшығы, тоқыма және дайын тігін өнімдері, тыңайтқыштар, механикалық құрылғылар, пластмасса бұйымдары, ағаш және гипс, маталы емес материалдар мен маталар импортталуда.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде