Алматы қаласының саябақтары мен бақтарында 1000 астам ағаш отырғызылады

12 Мамыр, 2017 17:14
Алматы қаласының барлық саябақтары мен бақтарында 1000 астам ағаш отырғызылады. Абаттандыру және көгалдандыру жүмыстары саябақтардың экологиялық ахуалын және эстетикалық бейнесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Түлебаев көшесі, Абай даңғылы, Гоголь көшесі бойындағы бақты абаттандырудың мақсаты тарихи аймақтың өзіндік ерекшелігін және бет бейнесін сақтап қалу болып табылады. Бұл  бақтың  жалпы аумағы  56 мың м2, оның ішінде  11 мың м2 жерде  көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп,  5,4 мың м2. жерде асфальт төселетін болады.

Сонымен қатар, Байсейітова көшесінің бойындағы бақтың жалпы аумағы 226  мың м2, оның ішінде көгалдандыру жұмыстары 19 мың м2, төсемдер 6 мың м2 құрайтын болады. Бақтың аумағында түрлі 462 түп ағаш, 242 бұташа, 5 түрлі сұрыптағы 5028 түп раушан гүлдер егілетін болады. Бір жылдық гүлдерден жасалатын гүлзар  24.1 м2. құрайды.

Есентай өзінінің екі жақ  бетінде орналасқан, «Есентай» бағының  аумағында  түрлі тұқымдас 619  түп ағаш, 502 бұташа және 118 түп жасыл қоршау егіледі.  

Сонымен қатар,  қураған және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу; велосипед жолдарын жасау; маңындағы үйлерде тұратын тұрғындар жайлы демалуы үшін көшелерде абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. «Есентай» жағалауын  көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұрғындар  спорт алаңдары мен веложолдарда өз денсаулықтарын жақсарта алады.

Барлық жаңалықтар