• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысындағы құс фабрикасы өндірістік қуаттылығын екі есе арттырды

Алматы облысындағы құс фабрикасы өндірістік қуаттылығын екі есе арттырды

12 Мамыр, 2017 16:57
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Қарасай ауданына барып, «Alsad Қазақстан» ЖШС құс фабрикасының жұмысымен танысты.

Аймақ әкімдігінің хабарлауынша,  Қарасай ауданындағы «Alsad Қазақстан» ЖШС құс фабрикасы – «Қазақстанда жасалған» белгісімен және Alsad сауда маркасымен тауық жұмыртқасын нарыққа шығарып отырған еліміздің іргелі кәсіпорны. 2016 жылы 156 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Фабрика өнімі Біріккен Араб әмірліктеріне, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне экспортталады.

Бүгінде кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істеп жүр. Халықаралық стандарттарға сәйкес өнім шығарып отырған нысан бүгінге дейін алғашқы қуаттылығын екі есеге арттырған.

Барлық жаңалықтар