• Басты
  • Павлодар МӨЗ жыл соңында дизельді отынды шығаруды жоспарлауда
12 Мамыр, 2017 15:56

Павлодар МӨЗ жыл соңында дизельді отынды шығаруды жоспарлауда

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде ПМХЗ-да болып, кәсіпорынды жаңғырту жобасының іске асырылуымен танысты.
Павлодар МӨЗ жыл соңында дизельді отынды шығаруды жоспарлауда | Strategy2050.kz

«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай  Қанат  Бозымбаевқа жаңа технологиялық объектілердегі: соның ішінде жалпы  сыйымдылығы 10 мың. м3 жоғары октанды бензиннің компонентін (изомеризатты) сақтау екі сұйыққоймасы мен автоматтандырылған  бензин араластыру станциясын қоса, күкірт өндіру кешені және изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының  құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталуы туралы баяндады.

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2017 жылғы 24 сәуірде Павлодар МӨЗ аталған технологиялық кешендерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын механикалық аяқтау туралы актілерге қол қойылды. Қазіргі уақытта бұл объектілерде, күкірт өндіру қондырғысы кешені шілде айында, ал изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысы –қыркүйекте аяқталуы жоспарланған, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін кәсіпорын кепілдік пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізіп, К4 (аналог Евро-4)  экологиялық класты жоғарыоктанды автомобиль бензинін алуы керек. Жаңғырту  аяқталғаннан  кейін жоғарыоктанды автомобиль бензинін шығару  297 мың тоннаға дейін артады.

Қазіргі уақытта жаңғырту жобасы шеңберінде қолданыстағы:  мұнайды бастапқы өңдеу кешені (ЛК-6У)– дизель отынын және керосинді гидротазарту, атмосфералық айдау, нафтаны гидротазарту, каталитикалық риформинг қондырғыларын қайта жаңарту жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалуда. Осымен дизель отынын және керосинді гидротазарту қондырғысын қайта жаңарту кәсіпорынға 2017 жылғы қараша–желтоқсан айларында К4, К5 стандартты дизель отынын және авиациялық отынды шығаруды бастауға мүмкіндік береді. Мұнайды терең өңдеу кешенінде (КТ-1) каталитикалық крекинг қондырғысының вакуум газойлін гидротазарту қондырғысы мен реакторлық-регенератор блогі (РРБ) қайта жаңартылуда. РРБ қайта жаңарту кәсіпорынға гидротазартылған вакуум газойлін жылына 1250 мың тоннадан жылына 1900 мың тоннаға дейін өңдеу қуатын арттыруға мүмкіндік береді. 

Айта кетерлік жайт, жаңғырту аяқталғаннан кейін зауыт шығаратын барлық өнім Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына толық көлемде сәйкес келетін болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды