Евгений Кочетов «Қазконтент» АҚ басшысы болып тағайындалды

12 Мамыр, 2017 14:53
ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазконтент» АҚ ұжымына жаңа басшы - Евгений Кочетовты таныстырды.

«Евгений Кочетов «Қазконтент» АҚ-да бұрын істеген және оның жұмысын жақсы біледі. Осыған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде тәжірибе жинақтады. Енді алған тәжірибесін осы жерде қолдана алады. Ол алдына қойылған міндеттерді жақсы орындайтынына сенімдімін. Қазконтент құрамындағы кез келген сайтқа қатысты өзгерістерді қабылдап, қолдауға әзірмін», - деді Дәурен Абаев.

Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылғы 22 сәуірде туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы мамандығы бойынша аяқтаған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика магистрі. «Vlast», «Informburo» порталында экономикалық шолушы, «Kazakhstan real estate group» басқарушы директоры, «Цесна» корпорациясы» АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.  

Сонымен қатар, министр ұжымға төрағаның жаңа орынбасары Марат Иғалиді таныстырды.

Марат Иғали 1974 жылғы 31 тамызда туған. Тарих және география пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша Ақтөбе педагогикалық институтын аяқтаған. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік қызмет менеджері. Экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын, Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2016 жылғы 23 қыркүйекте ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің басшысы болып тағайындалады.

Фото Шыңғыс Қаппаров 

Барлық жаңалықтар