• Басты
  • ҰБТ-да орынсыз сұрақтар болмайды – ҰТО

ҰБТ-да орынсыз сұрақтар болмайды – ҰТО

12 Мамыр, 2017 13:12
Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесі бойынша ҰБТ тестеріндегі орынсыз сұрақтардың барлығы алынып тасталды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Ұлттық тестілеу оратылығының директоры Рамазан Әлімқұлов хабарлады.

«ҰБТ-ның жаңа үлгідегі сұрақтары функционалды сауаттылықты анықтауға бағытталған. Жасыратыны жоқ, ескі нұсқа дұрыс сұрақтарды жаттауға бағытталған болатын. Ал, сұрақтарды түзетуге келетін болсақ бұл мәселеде бірнеше кезеңдерден өттік. Түзету үш деңгейлі сараптамадан, анықтап қабылдаудан өтеді. Өткен жылы жаңа тест сұрақтары еліміздің бес өңірінде тексерістен өтті. Оны тапсырғандардың орташа балы 60% көрсетті», - деді Р. Әлімқұлов.

Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығы үш пән бойынша қосымша екі сараптама өткізіп, 287 орынсыз сұрақты мәліметтер базасынан алып тастады.  

Спикер атап өткендей, мәліметтер базасында қазақ және орыс тілдерінде 40 мың сұрақ бар. Қазіргі таңда құпия режимде емтихан материалдары басылып шығарылуда.

Сондай-ақ, Р. Әлімқұлов емтиханнан өту балын еске салып өтті.

«Жаңа үлгіге сәйкес 140 балл жинауға болады. Егер өткен жылмен салыстыратын болсақ ол кезде  100 сұрақ болған және емтиханнан өту үшін ең төменгі  балл 50 құрады. Ағымдағы жылы максималды балл  140 болсада, өту балы өзгеріссіз қалды», - деді ҰТО басшысы.

Сәйкесінше ұлттық жоғарғы оқу орындарына түсу үшін ең төменгі балл – 50, медициналық оқу орындарға 65 балл және ауыл шаруашылығы мен ветеринария оқу орындарына – 60 балл деңгейінде еш өзгеріссіз қалды.

«Біз техникалық тұрғыда ҰБТ өткізуге дайынбыз. Кеше өтініш қабылдау мерзімі, мәліметтер базасы жабылды», - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, баспасөз көнференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева  ағымдағы жылы 97 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыратынын хабарлады.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар