- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Финляндияның тығыз байланысы жетістіктермен ерекшеленеді
Қазақстан мен Финляндияның тығыз байланысы жетістіктермен ерекшеленеді
Ширек ғасырдағы мемлекеттеріміздің жан-жақты және тығыз өзара іс-қимылы көптеген жетістіктермен және ілгермелі динамикамен ерекшеленуде.
Астана мен Хельсинки арасындағы қатынастарындағы ерекше мәртебе 2013 жылғы Финляндия Президенті Саули Ниинистёнің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған «Жасыл экономиканы» дамытудағы әріптестік туралы Декларацияда бекітілген.
«2015 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер V съезінің жұмысына Суоми лидері С.Ниинистёнің қатысуы қазіргі заманның өзекті жаһандық және аймақтық мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыздың жақындығын, сондай-ақ халықаралық бастамаларымызға көрсетіліп келе жатқан өзара қолдаудың жарқын көрінісі болып табылады», - деп атап өтті ҚР СІМ.
Сонымен бірге, бұл тезисті БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДСҰ, АСЕМ және басқа да көпжақты халықаралық құрылымдар мен форумдар аясындағы екі ел сыртқы саяси ведомстволарының жемісті іс-қимылдармен күшейтілді.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға парламенттік дипломатия да өз үлесін белсенді қосуда. 2014 жылы Қазақстан өзінде Финляндия Парламентінің спикері Э.Хейнялуоманы қабылдады. 2016 жылы
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин Финляндияға ресми сапармен болып қайтты. Бұл бағытта екі ел заң шығарушы органдарында құрылған парламентаралық достық топтары маңызды рөл атқарады.
Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінде Финляндияның Ұлттық павильонның ашылуын Қазақстан толық қолдап, оның өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға арқау болатын тың идеялар мен мүмкіндіктерге серпін беретініне сенімді.
1993 жылы құрылған Қазақстан мен Финляндияның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы өзін маңызды және тиімді тетігі ретінде көрсетіп, экономикалық тректің аясын кеңейтуге, іскерлік топтардың тікелей байланыстарын бекітуге, сондай-ақ екіжақты күн тәртібін нақты жобалармен толықтыруға септігін тигізді деуге болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды