- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы экспорт 30% өскен
Қазақстандағы экспорт 30% өскен
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы сарапшыларының мәліметі бойынша, 2017 жылғы 1-тоқсан қорытындылары бойынша сауданың қалпына келуі байқалады. Талданып отырған кезең ішінде Қазақстанның тауар айналымы 24% өскен. Осы ретте экспорт - 30%, импорт 15% артқан.
Қазақстан экспортындағы өңделген тауарлар үлесі 2013 жылы 23% құраса, қазір 31% құрап отыр.
2017 жылғы 1-тоқсан қорытындылары бойынша Қазақстан экспорты 10,8 млрд долларды құрады, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5 млрд долларға өскен. Оның 1,9 млрд долларын шикізат тауарларының ұлғаюы, қалған 0,6 млрд долларын өңделген тауарлар экспорты құрайды.
Негізінен ЕО елдеріне жеткізілімдер өсіп отыр, онда қазақстандық мұнай үлесінің 78%-ы жіберіледі. Украина, Қытай, Өзбекстанға (жаңа нарық) табиғи газ экспорты көлемінің 9% (257-ден 280 млн АҚШ долларына дейін) ұлғаюы байқалады.
Қытай мен Ресейге мыс кенін жеткізу 3 есе (67-ден 182 млн АҚШ долларына дейін); Ресей, Украина, Финляндияға тас көмірді жеткізу 2,4 есе (61,5-тен 146 млн АҚШ долларына дейін); Ресей, Қытайға темір кенін жеткізу 1,6 есе (85-тен 134 млн АҚШ долларына дейін); Ресей, Өзбекстан және Қытайға мырыш кенін жеткізу 2 есе (26-дан 53 млн АҚШ долларына дейін) өскен.
Жалпы, егер шикізат тауарларының экспортын салалар бөлінісінде қарайтын болсақ, тамақ өнеркәсібі (бидай, арпа) мен былғары шикізаты (ІҚМ өңделмеген терілері) салаларынан басқа барлық салалар бойынша оң динамика байқалады.
Азия елдеріне металдар экспорты көлемдерінің ұлғаюы байқалады, оларға жеткізу үлесінің 45%-ға жуығы бағытталады.
«KAZAKH INVEST» деректері бойынша 2017 жылғы 1-тоқсанда Қазақстанның экспорты 825 тауарлық позициямен 100 елге жүзеге асырылуда.
ЕАЭО елдеріне жеткізілімдер 39%-ға 0,8-ден 1,2 млрд долларға дейін өскен. ЕАЭО аясында өткізудің негізгі нарығы Ресей болып табылады.
Жалпы, 2017 жылғы 1-тоқсан қорытындылары бойынша Қазақстандағы импорт та 15% өсіп, 6 млрд долларды құраған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен