- Басты
- Жаңалықтар
- Алматылық балалар үйіне 170 млн теңгенің көмегі көрсетіледі
Алматылық балалар үйіне 170 млн теңгенің көмегі көрсетіледі
Алматы әкімдігі мен қалалық Білім басқармасы,«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры және «Халық» қайырымдылық қоры» жеке қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, осы келісім аясында №1 балалар үйіне қайырымдылық көмегі көрсетілетін болады.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры директорының орынбасары Ғайша Сыздықованың айтуынша жоба барысында спорт залы, тамақтану блогы қайта жасалады, аула айналасы абаттандырылып, компьютерлік жабдықтармен жарақтандырылады және ресурстық база жаңартылады.
«Біз Президент ұсынған «Туған жер» бағдарламасын алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруды өзімізге борыш әрі құрмет санаймыз. Жергілікті билікпен, «Халық» қайырымдылық қорымен» бірлесе отырып, №1 балалар үйін түгелдей қайта жөндеуден өткізіп, жаңартамыз. Білім беру жүйесін жетілдіру, оны жоғары деңгейге көтеру үшін үлкен жұмыстар жүрігізіледі. Ақпараттық технологияларды меңгеру,мектептен тыс бағдарламалар бойынша сабақтар өтеді, түлі шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балалар үйі педагогтарының біліктілігін арттыру да қакрастырылған», - деп атап өтті Ғ.Сыздықова.
Сонымен, 3 жастан 18 жасқа дейінгі 109 бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйінің білім беру- тәрбиелеу қызметін дамытуға, материалдық – техникалық жарақтандыруға және инфрақұрылымын дамытуға қор тарапынан 170 миллион теңге бөлу жоспарланған.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші