Жамбыл облысында сұйытылған газ өндіру зауыты салынады

12 Мамыр, 2017 10:57
Жамбыл облысында сұйытылған газ өндіру зауытын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарланды Өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Қараой ауылдық округінде «Тараз Газ-Өнім» ЖШС сұйытылған газ өндіру зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Жоба Қытай Халық Республикасының «Визон Инжениринг ЛТД» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ.

ӨКҚ мәліметі бойынша, жоба құны 12 млрд теңгені құрайды. Аудан көлемі – 16,0 га. 108 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жобаның басты мақсаты – техникалық-экономикалық негіздеме дайындау. «Визон-Инжениринг» компаниясымен шарт жасалып, қытайлық инвесторлар жобалық сметалар құрастырды.

Бүгінде жобаны қаржыландыру үшін банкпен шарт жасалған. Екі су қоймасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын тамыз-қыркүйек айларында бастау жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар