- Басты
- Жаңалықтар
- Дю Солей циркі ЭКСПО-2017 аясында 71 қойылым көрсетеді
Дю Солей циркі ЭКСПО-2017 аясында 71 қойылым көрсетеді
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылатын дю Солей циркінің қойылымына билеттер сатылымға түсті.
Бүгінде штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан дю Солей циркі ойын-сауық индустриясындағы алып компаниялардың біріне айналған. Цирк ұжымында әлемнің 50 елінен жиналған 4000 жуық адам еңбек етеді, оның 1300-і - әртіс. Әлемге әйгілі дю Солей циркі осы уақытқа дейін 400-ден астам шаһарда өнер көрсетіп үлгерді. Енді олар ЭКСПО-2017 аясында алғаш рет Астанаға жол тартпақ.
Ұлттық компаниядан атап өткендей, Қазақстанның бай мәдениеті мен тарихынан және «Болашақ энергиясы» атты Көрме тақырыбынан шабыттанған цирк әртістері Астана тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы эксклюзивті «REFLEKT» шоу-бағдарламасын дайындады.
Таңғажайып қойылымда қазақ халқының мәдени мұрасы мен болашаққа деген заманауи көзқарас өзара өріліп жатады. Жалпы, Цирк тарапынан 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін 71 қойылым жоспарланып отыр. Цирк қонақтары бірегей шоуды арнайы жабдықталған үшбұрыш тәріздес павильонда тамашалай алады. Оның сыйымдылығы 2000 көрерменге жоспарланған. Қойылым тұсаукесері Көрме алаңында 16 маусымда өтпек.
Заманауи Қазақстанның тарихындағы алып шараның бір бөлшегі болып, дю Солей циркінің таңдай қақтырарлық қойылымының куәгері болу үшін 4000 теңгеден басталатын билетті сатып алу қажет.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар -
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр -
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 130 мыңнан астам жұмыс орны құрылды