- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері: тарихы мен енгізген жаңалықтары
ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері: тарихы мен енгізген жаңалықтары
Дүниежүзілік көрме немесе ЭКСПО деген не деген сұраққа жауаптан бастайық
Дүниежүзілік көрме немесе ЭКСПО – бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсету үшін ашық алаң және индустрияландыру символы болып табылатын халықаралық көрме. Халықаралық көрме бюросы 1928 жылдан бастап Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияға қол қойылған сәттен бастап көрмелердің әмбебап, халықаралық және мамандандырылған үш түрін өткізуде реттеуші орган болып келеді. Осы көрмелер 3 айдан 6 айға дейін созылады. Халықаралық көрмелерді өткізу дәстүрі француз ұлттық көрмелерін дамыту аясында пайда болған, олардың шарықтау шегі 1844 жылы болған Халықаралық Көрме еді.
Алғашқы ЭКСПО көрмесі

(1851 жылғы көрменің жалпы көрінісі)

(Виктория ханым 1851 жылғы көрменің ашылуында)

(Хрусталь сарай. Негізгі қасбет. 1851 жыл)
Алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылғы 1 мамыр – 15 қазан аралығында Альберт ханзаданың бастамасымен лондондық Гайд-паркте өткізілген болатын. Өткен көрме өнеркәсіптік революция тарихындағы басты кезеңге айналды. Оған көптеген елдердің қатысуы себебінен ол дүниежүзілік деп аталып кеткен. Осы әлемдік көрмеде өнеркәсіптік тауарлар мен әр түрлі қолөнер бұйымдары, машиналар, өндірістік әдістер, сондай-ақ пайдалы қазбалар мен бейнелеу өнері жұмыстары ұсынылды. Джозеф Пакстонның темір мен шыныдан салған Хрусталь сарайы көрменің ең басты көрікті жеріне айналды.
ЭКСПО дәуірінің үш кезеңі
1851 жылы дүниежүзілік көрмелердің сипаты үш кезеңге бөлінетін: индустриялық дәуір, мәдени алмасу дәуірі және ұлттық брендинг дәуірі.
Индустрияландыру (1851—1938)

(Дүниежүзілік көрме-1889 Парижде)
Осы кезеңде көрмелер негізінен саудаға арналған және технологиялық жетістіктер мен жаңалықтар көрсетілген. Мысалы, телефон сияқты өнертабыс осы кезеңде шығарылған. Бұл дәуір халықаралық көрмелерді қабылдауға едәуір үлес қосты.
Мәдени алмасу (1939—1987)

(Чикагодағы көрмеде орыс павильоны. 1893 жыл)
1939 жылы Нью-Йоркте өткен Дүниежүзілік көрмеден бастап көрмелердің бастапқы сипаты өзгере бастады және олар қоғам үшін анағұрлым жарқын болашақ болжай отырып, нақты мәдени тақырыптарға арнала бастады. Технологиялық өнертабыстар екінші орынға ауысты. Көрмелер инновациялар алмасу мақсатында белсенді мәдениетаралық қарым-қатынасты қолдады.
Ұлттық брендинг (1988-қазіргі уақыт)

(Париждегі көрме павильонының басты кіреберіс жері. 1900 жыл)
1988 жылдан бастап елдер өздерінің көрме павильондары арқасында көрмелерді өздерінің ұлттық имиджін жақсарту тәсілі ретінде пайдалана бастады. Tjaco Walvis тобының зерттеуі көрсеткендей, елдердің 73%-ы үшін көрмеге қатысудың басты мақсаты мемлекеттің имиджін жақсарту болған.
2000 жылы Ганноверде өткен көрмеде елдер сәулетті өздері әзірлеп, павильонға орта есеппен 12 миллион еуроға жуық қаражат жұмсаған. Мұндай салым мөлшерлерін ескере отыра, көптеген елдер шығын пайдадан артық болады деген болжам жасап, кейде көрмеге қатысуды орынсыз деп санады.
Дүниежүзілік көрмелердің ең белгілі жаңалықтары

Әр түрлі Дүниежүзілік көрмелерде Singer тігін машинасы, дизельдік мотор, электр розеткасы, Попов радиосы, ағайынды Люмьерлердің киноқондырғысы, алғашқы сериялық теледидар, IMAX жүйесі және тіпті IBM компьютерлері де таныстырылған. Осылардың барлығы дүниежүзінде мойындалып, Дүниежүзілік көрмелерде көрсетілгеннен кейін коммерциялық қолданыс тапқан.
Алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Бұл көрме жоғары деңгейде өтіп, бізді және еліміздің қонақтарын технологиялар әлеміндегі жаңа өнертабыстармен және жетістіктермен таң қалдырады, болашақтың энергиясы саласындағы әзірлемелер әлемге танымал болады деп күтілуде. Қазақстан үшін бұл серпіліс болып, еліміз бүкіл әлемге танымал болады.
Қазақстан елордасына ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу үшін шетелдік қонақтар жиналуда.
Қайрат Жандыбаев
Фото expo2017astana.com
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді