- Басты
- Германия ЭКСПО-2017 көрмесіндегі өзінің павильонын таныстырды (ФОТО)
Германия ЭКСПО-2017 көрмесіндегі өзінің павильонын таныстырды (ФОТО)

Қазақстандағы ГФР елшісі Рольф Мафаэль атап өткендей, Германия барлық қатысушы елдердің ішінде ең ірі павильонды таныстырады.
«Тиімділік, сақтау, климатты қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты Германия үшін 20 жыл бойы маңызды мәселе болып келеді. Сондықтанда біз заманауи жаңартылатын энергия көздері бойынша барлық шараларға қатысқымыз келеді. Біз осы процестердің дамуына өз үлесімізді қоссақ дейміз», - деді елші.
Рольф Мафаэль толықтырып кеткендей, көрмеге келішулердің ішінде неміс ұлтының өкілдерімен қатар Германияда тұратын қазақ диаспорасының өкілдері өте көп болады.
«Сонымен қатар жеке саяхатшыларда келетін болады. Біздің естуімізше мұнда мотоцикл мен велосипедте келгісі келетіндер өте көп. Біз үшін олардың шынымен өз көліктерінде осы елге жете алатыны қызықты болып отыр», - деп бөлісті ол.
Павильонның «Болашақ картасы» залында үлкен карта қойылады, онда жаңартылатын энергия көздерін алудың негізгі жолдары көрсетілетін болады.
Германия павильонының «Болашақ қаласы» екінші залы адамның өмір сүру ортасына арналады.
Мұнда құрылыс, көлік салаларының өнімі мен жүйесі, «ақылды үй» үшін технологиялар, электрмобиль мен мотоциклдардың жаңа үлгілері қойылады. «Энергетикалық шоу» лазерлік қойылымы көрменің ең жарқын бөлігі болады.
Айта кетерлік жайт, неміс көрмесі бір сағатта 400 адамды қабылдай алады.
Ақбота Күзекбай
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек
-
COVID-19: Германия карантин шараларын ұзартпақ, ал америкалықтар ковидке қарсы вакцинациялауды бастайды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр
-
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды
-
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды
-
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды
-
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды
-
«Самұрық-Энерго» АҚ өзінің шығыстарын қысқартады
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)

