Астана ғимараттарындағы QR-кодтар шұғыл қызметтердің жұмысын оңайлатады

11 Мамыр, 2017 16:38
Астанада бұрынғы ақпараттық аншлагтарды QR-кодтары және жеті символдан тұратын әріп-сандық пошталық индекстері бар жаңа аншлагтарға ауыстыру жұмысы басталды. Біріншісі – облысты, келесі екеуі – облыс қаласын/ауданын, қалған төрт символ ғимараттың өзін білдіреді.

Жаңартылған тақтайшалар негізгі көшелерде орналасқан ғимараттарда орналастырылып, кейіннен елорданың барлық аумағы қамтылатын болады.

Енді әрбір ғимаратқа бөлек берілетін пошталық индекстердің жаңа жүйесінің енгізілуімен нұсқарлар да ауыстырылады.

Бұл қажетті үйді іздеуге көп уақытын кетіретін шұғыл қызметтердің, таксистердің, курьерлер мен пошта қызметкерлерінің жұмысын едәуір оңайлатады, деп хабарлады Elorda.info.

Әрбір ғимаратқа жеке QR-код берілгеннен кейін, көшенің атауы немесе үйдің нөмірі өзгерген жағдайда да индекс өзгеріссіз қалады. 

Барлық жаңалықтар