• Басты
  • ҚР-ның 6 медициналық жоғары оқу орны шетелдік университеттермен ынтымақтастық жасайды

ҚР-ның 6 медициналық жоғары оқу орны шетелдік университеттермен ынтымақтастық жасайды

11 Мамыр, 2017 19:58
Қазақстанның 6 медициналық жоғары оқу орны шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.

«Медициналық білім мен ғылымды жұмылдыру» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР алты медициналық жоғары оқу орны ең үздік 500 ЖОО қатарына кіретін шетелдік университеттермен 3 жылдық меморандумға қол қойды. Аталған жоба аясында медициналық ЖОО-ға талапкерлерді іріктеудің және қабылдаудың жаңа тәсілдері енгізіліп, Назарбаев университетінің медицина мектебімен бірге жоғарғы білім мен резидентураның білім беру бағдарламалары қайта қаралған.

Медициналық ЖОО-да оқитындар мен бітірушілердің құзыреттілігін тәуелсіз бағалау жүйесін одан әрі дамыту үшін, USMLE (United States Medical Licensing Examination) жүйесіне негізделген бірыңғай ұлттық көпсатылы емтихан енгізіледі.

Жобаны орындау барысында қосымша толық іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. Медициналық және фармацевтикалық ЖОО дербес үдеріске көшіру, Назарбаев университеті мен шетелдік жетекші университеттер базасында менеджерлердің біліктіліктерін арттыру іске асырылады. Денсаулық сақтау ұйымдарының (тәжірибелік), менторлық институттардың қолдауымен медициналық ЖОО базасында университет клиникаларының – академиялық медицина орталықтарының заманауи үлгілері енгізіледі.

Бұдан бөлек, ҚР медициналық ЖОО оқытушыларының біліктіліктерін бағалауға және деңгейлерін анықтауға негізделген медициналық ЖОО профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлерінің әлеуеті арттырылады.

Барлық жаңалықтар