- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда еліміздің мінәжат нысандарының картасы жасалуда
Қазақстанда еліміздің мінәжат нысандарының картасы жасалуда
«Бүгінде тарихшылар, археологтар мен этнографтардың, туристік ұйымдардың атсалысуымен Қазақстандағы мінәжат нысандарының картасы жасақталуда. Мінәжат картасы барлық мультимедиялық қосымшалар арқылы қолжетімді болады. Ал, олардың орналасқан жері GPS арқылы көрсетіледі. Бұдан басқа, карта Google іздестіру жүйесі арқылы қолжетімді болады», - деді А. Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар, ол хабарлағандай, жалпыұлттық патриотизмнің негізіне «Тұған жер» жобасы айналады.
«Туған жер» жобасы арқылы білім беру жүйесінде кеңінен өлкетану жұмысын қамтамасыз ету көзделген. Жоба бойынша қазақстандық мәдениет пен өнердің үздік туындылары БҰҰ елдерінің тілдеріне аудару үшін іріктелініп алды», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар ведомство басшысы театр ұжымдарының дүниежүзілік гастрольдік сапарлары, мәдениет күндерін өткізу және шет елдердегі қазақстандық кино күндерін өткізу туралы ауқымды жобалары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның бірегей-мәдени бренді ретінде «Алтын адамның» дүниежүзі бойынша шеруі өтетінін тілге тиек етті.
«Алтын адам» - Қазақстанның бірегей бренді, оны бүкіл әлем білуі керек. Бүгінде дүниежүзінің жетекші музейлері мен көрмелерімен келісім жасалуда», - деп мәлімдеді А. Мұхамедиұлы.
Қайрат Жандыбаев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады