- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат ИЫҰ елдерімен ынтымақтастық орнату туралы келісімді ратификациялады
Сенат ИЫҰ елдерімен ынтымақтастық орнату туралы келісімді ратификациялады
Сонымен, Палата Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялады.
Бас келісімнің мақсаты ИЫҰ мүше елдердің арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру қағидаттарын құқықтық бекіту болып табылады.
Бас келісім халықтардың игілігі мен өркендеуін орнатуға бағытталған ортақ мүдделерге қол жеткізу үшін Қазақстан мен ИЫҰ мүше елдердің бірлескен күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Сенатор Асхат Күзеков біздің еліміз үшін ИЫҰ-ға мүше елдер ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізетін нарық ретінде ықылас туғызатынын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан Бас келісім арқылы сауда, инвестиция, ғылым мен технология салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниеттеніп отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ сенаторлар Қазақстанға Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 80 миллион АҚШ долларын қарызға беру туралы келісімді ратификациялады.
ХҚДБ беретін қаржы әлеуметтік медициналық сақтандырудың ұлттық жүйесін енгізуді қолдауға; медициналық көмек көрсету жүйесін нығайтуға; сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру стратегиясының жобасына мониторинг жүргізу мен бағалауға жіберілетін болады.
Заң жобасын қолдап сөз алған сенатор Серік Бектұрғанов уәкілетті орган – денсаулық сақтау министрлігінің алдында – азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне алғашқы дәрігерлік көмек пен министрлікке дейін барлық деңгейде қатысушылардың тұтас жүйесін жаңадан қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері