Өскеменде Б.Шаяхметов атындағы медорталықта жаңа бөлім ашылды

11 Мамыр, 2017 11:12
Өскеменде Б.Шаяхметов атындағы медициналық орталықта жаңа бөлім ашылды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы.

Медициналық мекеме амбулаторлық-емханалық, алғашқы медициналық-санитарлық қызмет,  дәрігерге дейінгі және стационарлық көмек көрсетеді. Мұнда Согра, Арматура шағын аудандары мен Солнечный және Радужный ауылдарының 23  мыңнан астам тұрғындары тіркелген.

«Б. М. Шаяхметов атындағы медициналық орталық 2014 жылы ашылды. Бұған дейін мұнда отбасылы-дәрігерлік  амбулатория орналасқан. Қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін мұнда заманауи кешен жұмыс істейді. Онда негізгі консультативті және диагностикалық қызмет түрлері көрсетіледі», - деп түсіндірді әкімдік.

Медициналық орталық үш блоктан тұрады. Бірінші бөлім – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетеді. Екінші бөлім – консультативті-диагностикалық қызметті, үшінші бөлімде – оңалту және қайта қалпына келтіру терапиясы жүргізіледі.  

Соңғы үш жылда сауықтыру орталығы жұмыс істей бастағалы сырқаттану көрсеткіші 20 пайызға төмендеді.

«Бірнеше жылдан кейін Шығыс Қазақстан медицинасы жаңа келбетке ие болады. Біз қажетті құрал жабдықтарды алу үшін қыруар қаржы жұмсаудамыз. Ағымдағы жылдың өзінде 1,5 млрд теңге мамандарды оқыту үшін бөлінді.  Біздің  50 дәрігеріміз өз біліктіліктерін Еуропа, Израил, АҚШ елдерінде арттырады. Келесі жылы тағы да 50 дәрігер өз біліктіліктерін арттыратын болады. Ал, қалған мамандар үш деңгейлі біліктілікті арттыру жүйесінен өтеді. Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсарту үшін бірнеше миллиардқа құрал жабдықтар сатып алдық», - деп ағынан жарылды облыс әкімі Даниал Ахметов бөлімнің ашылу салтанатында.  

Айта кеттерлік жайт, орталықта мамандар 25 бағыт бойынша қабылдау жүргізеді. 

Барлық жаңалықтар