• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан елшісі Ереван студенттерімен қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылады

Қазақстан елшісі Ереван студенттерімен қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылады

11 Мамыр, 2017 10:46
Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаев В.Брюсов атындағы Ереван тілдер және әлеуметтік ғылымдар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушы құрамымен және студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында тіл саласындағы қоғам алдында тұрған өзекті мәселелер қозғалды. Ең бастысы – адами коммуникацияның қоғамдық сана мен тұлғааралық қарым-қатынасқа ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде де ықпалы, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ, қазақстандық көшбасшының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша практикалық қадам жасау туралы жақын арада жасаған ұсынысы да талқыланды.

Қазақстанның елшісі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының өзге де ережелерін түсіндіріп, қазақстандық қоғам өміріндегі ағымдағы оқиғалар туралы айтып өтті, әсіресе алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы ақпаратпен толық бөлісті.

Т. Оразаев жаңғыру аясында білім алуды қазақстандық жастардың басты мақсатына айналдыру, барлық халықтың компьютерлік сауаттылығын, шет тілдерін білу деңгейін және қазақстандықтардың мәдени ашықтығын арттыру міндеті қойылғанын айтып өтті. 

Барлық жаңалықтар