- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы «Мәңгілік Ел» аркасында экскурсия өткізілетін болды
Астанадағы «Мәңгілік Ел» аркасында экскурсия өткізілетін болды
Панорамалық дүрбімен жабдықталған шолу аумағы монументтің үстінде 21,5 метр биіктікте жасалды. Сонымен қатар, ол қалаға көрік беретін жаңа орын «Мәңгілік Ел» аркасының тұжырымдамасын ашатын Қазақстан тарихы туралы жұмыстарды және тақырыптық роликтерді трансляциялау үшін мультимедиялық құралдармен жабдықталған.
«Салтанатты қақпаның алатын орны орасан зор және арка жеңіс символы болып табылады. Әлемнің барлық ірі қалаларында осындай конструкциялар орнатылған. Ал, «Мәңгілік ел» монументі қазақ халқының тәуелсіздігінің белгісі, - деп атап өтті Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.
Шолу алаңына баратын жол да орналасқан көрме залының ауданы - 120 шаршы м. Галерея шетелдік және қазақстандық суретшілердің, қолөнершілердің және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің өнер туындыларының экспозициясы үшін қолданылмақ, сондай-ақ, мұнда фотокөрмелер өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Мәңгілік Ел» аркасы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған еді. Президенттің идеясын сәулетші Сағындық Жамболатов пен мүсінші Мұрат Мансұров және Нұрлан Далбай іске асырды. Аз уақыттың ішінде арка елордамыздың жарқын әрі белгілі көрікті орындарының біріне айналды.
«Мәңгілік Ел» монументі гранит пен мәрмәрдан жасалды. Арка қазақ оюларымен безендірілген. Фасадтардың түбінде ойшыл ақсақалдың, әйел ананың, орта ғасырлардағы батырдың және заманауи жауынгердің қола мүсіндері орнатылған. Олардың биіктігі 4,4 метрді құрайды. Ақсақалдың мүсіні – бұл даналықтың, халықтың ойы мен руханилылығының белгісі. Ошақ иесі - ананың мүсіні «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» сынды ұлттық нышандардың белгісі. Көшпенді жауынгердің және қазіргі заманғы сарбаздың фигурасы қазақ батырларының ерлігі мен батылдығының белгісі болып табылады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды -
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды -
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды -
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді -
Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды