• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев еліміздегі мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы жарлыққа қол қойды

Н.Назарбаев еліміздегі мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы жарлыққа қол қойды

10 Мамыр, 2017 19:56
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан   Республикасының Президентіне ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Барлық жаңалықтар