- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Мун Чже Инді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады
Н.Назарбаев Мун Чже Инді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мун Чже Инді кезектен тыс президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған зор денсаулық пен табыс, ал достас корей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
«Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз Оңтүстік Кореяның одан әрі өркендеуі мен дамуына, сондай-ақ елдің әлемдік аренадағы рөлін арттыра түсуге мүмкіндік береді деп сенемін. Биыл Қазақстан мен Корея арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толғанын атап өтеміз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Астана мен Сеул ынтымақтастығының аясы жан-жақты кеңейіп келеді. Екіжақты қарым-қатынасымыз алдағы уақытта да стратегиялық серіктестік рухында дами беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Мун Чже Инді Қазақстанға келіп, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
QazVaс: Формальдегид вакцинаның антигендігі мен иммуногенділігін төмендете ме -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
Елордада тәулігіне 500 адамнан коронавирус анықталуда -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
COVID-19 қарсы вакцина: егілгендер саны, егу пункттері мен ұжымдық иммунитет -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек -
Иммунолог: Вакцина халық өмірін қорғау үшін қажет