- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында «Жас Отан» қатарына 2,2 мың адам қосылды
Павлодар облысында «Жас Отан» қатарына 2,2 мың адам қосылды
«Бүгінде облыстық филиалда 92 алғашқы ұяшық жұмыс істеуде. Солардың 9-ы ірі кәсіпкерліктерде. Ал 10 мыңнан астам адам – жұмыскерлер, жастар, бастауыш кәсіпкерлер, студенттер», - делінген хабарламада.
«Жас Отан» мүшелері салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спорт пен дене шынықтыруға шақырады және жемқорлыққа қарсы тәрбие береді.
Сонымен қатар, олар еңбек және соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге көмек көрсетеді.
Белсенді жастар «Самал» бейімдеу орталығында мүгедек балаларды емдеуге ат салысады. Осы мақсатта жас отандықтар «Қамқорлық» атты еріктілер отрядын құрып, полицияның қоғамдық қамқоршылары да болып қызмет етеді.
«Өңірде «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» бағдарламалары белсенді жұмыс істеуде. «Жас Отан» ЖҚ басты міндеттемелерінің бірі ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікке қолдау көрсету. «Атамекен Startup» бизнес-идея байқауына 200-ден астам адамның қатысқаны анық. Солардың 453 жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы, ал 45-і жастар тарапынан іске асырылуда», - делінген әкімдік хабарламасында.
2014 жылы жастар қанаты «Сәтті қадам» жобасы бойынша кәсіпкерліктерге тәжірибе енгізуді жоспарлап отыр. «Жастар – Ауылға!» ауылдық жастарға кеңес беру бастамасын да қолға алу ойда бар. Сонымен қатар, жастардың мәселесін мәслихат депутаттары тарапынан қарауға мүмкіндік беретін «Еркін пікір» пікірталас алаңы ашылады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты