- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЖКО саны 28,6%-ға төмендеді
Астанада ЖКО саны 28,6%-ға төмендеді
Қабылданып жатқан шаралар кешеніне қарамастан, жол-көлік жарақаттары проблемасы өзекті күйде қалып тыр. Жыл басынан бері Астанада балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 70% -ы жүргізушілердің кінәсінен болған, және зардап шеккен балалардың жартысынан астамы көлік ішінде жолаушы ретінде отырған.
Ағымдағы жылдың 4 айында елордада мақсатты түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елордада жол-көлік оқиғаларының саны 28,6%-ға төмендеді, бұған қоса, жолда қаза тапқандар саны 9%-ға азайса, жарақат алғандар қатары 23%-ға кеміген. Елордалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің мәліметтеріне сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болатын апаттардың саны 20%-ға, зардап шеккен балалардың саны 16%-ға азайған, қаза тапқандар жоқ.
Жол-көлік оқиғаларында балалардың жарақаттануының алдын алу мақсатында жазғы демалыс қарсаңында үстіміздегі жылдың 1 мамырынан 1 маусымына дейін елордада «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық кең ауқымды акциясы өткізілуде.
Акция барысында балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақат алуына себеп болатын басты жағдайларға жататын Жол ережелерін бүзу әрекеттерінің жолын кесуге айрықша назар аударылмақ. Полиция қызметкерлері оқушылармен және алып қуыршақтармен бірге жас жаяу жүргіншілерге жарық шашатын білезіктер таратады. Бұл қараңғы кезде пассив қауіпсіздік элементтерін тағып жүру қажеттілігін тағы еске салады.
Айта кетерлік жайт, жыл басынан бері Астанада рұқсат етілмеген жерде жолдан өткені үшін 5000 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді