- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Қазақстанның үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Марапаттау «Үздік ауылдық медицина қызметкері», «Үздік БМСК мейірбикесі», «Үздік мамандандырылған мейірбике», «Мейірбике ісінің үздік менеджері», «Медициналық колледждің үздік оқытушысы» 5 номинациясы бойынша өтті.
Құттықтау сөз сөйлеген денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қазір Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 170 мыңнан астам орта медициналық қызметкер еңбек ететінін айтты.
"Соңғы 10 жылда ҚР-ның орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың адамға шаққанда 2005 жылы 78,6-дан 2016 жылы 96,0-ға өсті. Мейіргер ісі қызметінің даму үрдісі қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде мейіргер ісі мамандарының рөлін айтарлықтай күшейткенін көрсетеді, ол, ең алдымен, мейіргерлер көмекші ретінде емес, ал дәрігердің тең құқылы, дербес мейірбикелік шешімді қабылдайтын, жоспарлайтын және дәлелді мейірбикелік күтімді жүзеге асыратын серіктесі болып табылады", - деді вице-министр.
Бүгінгі таңда республикада кіші мейірбикелерді даярлаудан бастап мейіргер ісі магистріне дейін мамандарды дайындаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілген. Әзірленген біріктірілген білім беру бағдарламалары, академиялық және қолданбалы бакалавриат бойынша жұмыс істейтін мейірбикелерге жеделдетілген бағдарлама бойынша мейіргерлер ісінің жоғары және орта білімнен кейінгі білім алуға мүмкіндік береді. 2014 жылдан бастап республикада мейірбикелерді дайындау қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Республиканың жеті медициналық колледжі Жоғары колледждер мәртебесін алды.
Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан реформалардың аясында дәрігердің кейбір функциялары, оларға мейірбикелік қабылдауды көздейтін дәрігерге дейінгі тексеру кезінде, науқастарға алдын ала диагноз қою, балалар мен ересек тұрғындардың патронажы, дәрігердің бақылауымен үзінді рецепт және т. б. дербес шешім қабылдау жауапкершілігі мейірбикелерге жүктелетін болады.
«Орта медицина қызметкерлері рөлінің өсуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясат бағыттарының бірі, мейірбикелер санын көбейту қажеттігі, тиісінше, олардың функционалдық міндеттерінің шеңберін кеңейту және, әрине, олар өз құзыретінде еңбек нарығында бәсекеге түсуге қабілетті, денсаулық сақтау саласы үшін тәжірибелік мейірбикелер ісі бойынша даярланған мамандар маңызды болып табылады. Сондықтан, министрлікте кадр саясаты мәселелеріне ерекше назар аударылады» - деп ҚР денсаулық сақтау вице-министрі сөзін қорытындылады.
Сондай-ақ, осы Конференция шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы мейірбике рөлін арттыру, патронаждық мейірбике, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері талқыланды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты