- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО аграрийлері интенсивті бау алқабтарын арттыруда
ОҚО аграрийлері интенсивті бау алқабтарын арттыруда
Қазіргі таңда облысымызда 2 мың гектарға жуық қарқынды бау бар. Оларға қажетті құрал-жабдықтар шетелден тасымалданатын.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аталмыш коопертив жұмысымен арнайы танысып, оң бағасын берді.
«Ендігі жерде бау-бақшаға қажетті бетон бағаналары мен тор, пластикалық құрылғыларды өзімізде өндіруге мүмкіндік туып отыр. Бұл өз кезегінде алманың өзіндік құны арзандай түседі. Сондай-ақ бағбандықты жетік меңгерген маман даярлау ісіне де мән берілуі тиіс. Жалпы облысымыздағы интенсивті баулардың көлемін тағы да 1000 гектарға ұлғайту жоспарымызда бар», - деді Ж.Түймебаев.
Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2016 жылы құрылған «Бірлік» АӨК» өндірістік кооперативі 70 гектарға қарқынды бау егіп, маусымдық кезеңде 100 адамды жұмыспен қамтымақ.
«Бірлік» АӨК» өндірістік кооперативінің суармалы жер көлемі 86 гектарды құрайды. Соның бүгінде 70 гектарында 200 мың түп алма көшеттері отырғызылған. Итальяндық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған бау 3 жылдан соң әр гектарына 50-60 тоннадай өнім беруге қауқарлы. Мұнда қазір алманың Голден Делишес, Ред Делишес, Гала, Фуджи, Гренни Смит секілді түрлері түйіндеп тұр.
Қарқынды баудың жалпы инвестициялық құны – 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Жобаның 1 млрд. теңгесін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаржыландырған.
Қазіргі таңда 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусым кезеңдерінде 100 адамды еңбекпен қамтимыз деп отырмыз. Бау өнім беру қарқынын 3 жылдан кейін алады. Сол кезде өнім көлемі гектарына 50-60 тоннаға дейін жетеді. Ал биыл гектарына 5-6 тоннадан өнім алыдады деп жоспарлануда.
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Мәслихаттардағы партиялық тізімдер 60%-ға жаңартылады – Бауыржан Байбек -
Биыл теңгенің құны 450-ден көтерілмеуі тиіс - сарапшы -
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады -
Бауыржан Қарағызұлы, ақын: Абай күні – ақыл күні -
Тоқаев қазақстандықтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды -
Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдоқорғаннан Үшаралға ұшып баруға болады -
Кәсіпкерлікке баулу курстары қалай оқытады -
Ақмола облысы инвестициялық ахуалын арттыруда -
Владимир Путин: Бауырлас халықтардың мүдделері бір -
Түрікменстан Қазақстан үшін бауырлас ел – Г.Әбдіқалықова -
Бақытжан Сағынтаев ОҚО-дағы бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылу барысын тексерді -
Мәжіліс мінбері: жастарға шлагбауым ашылсын, өрт қауіпсіздігі, депутаттар аймақтарды аралайды (ШОЛУ)