- Басты
- Жаңалықтар
- Нобель сыйлығының лауреаттары Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді
Нобель сыйлығының лауреаттары Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді
Конгресс тақырыбы «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды іске асыру әдістері». Мұндай жоғары деңгейдегі форум Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияда да тұңғыш рет өткізілгелі отыр. Дүниежүзілік Конгресс жаһандық энергетикалық проблемалардың жаңа шешімдерін іздеуге, кадрларды, технологияларды, әзірлемелер мен инновацияларды даярлауға бағытталған. Форум жұмысына әлемнің 50 елінен мыңнан астам делегаттың қатысуы күтілуде.
Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының қызметіне қосқан үлесі үшін 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі бұрынғы бас кеңесшісі, «тұрақты даму» тұжырымдамасының авторы Чунг Рэй Квон «Төмен көміртектік технологияларды дамыту «жасыл экономика» драйвері ретінде» атты баяндамасын оқиды, ол экологияның экономикалық өсу драйверіне айналатынына сенімді.
Соның ішінде – Нобель сыйлығының төрт лауреаты. Квон мырзадан басқа, профессор Мохан Мунасингхе, Ражендра Кумар Пачаури, Данкан Майкл Холдейн өздерінің қатысатынын растады.
Конгресс қонақтары мен спикерлерінің арасында «Жаһандық энергия» халықаралық сыйлығының сегіз лауреаты бар. Спикерлер Конгрестің бірінші күнінде Пленарлық отырыста өз баяндамаларын оқиды.
Инженерлер мен ғалымдар дүниежүзілік конгресі Халықаралық бағдарламалық комитетінің тең төрағасы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, Конгреске қатысуға 11 беделді халықаралық ұйым қызығушылық танытқан. Олардың ішінде Masdar ғылым және технологиялар институты, «Жаһандық энергия» халықаралық сыйлығын тағайындау жөніндегі коммерциялық ұйымы, Ольденбург университеті (Германия) және Дүниежүзілік Энергетикалық кеңес, Халықаралық энергетикалық агенттік (Франция) және басқалары бар.
«Конгресс 4 тақырыптық блок бойынша өтеді. Оларды белгілі ғалымдар, жетекші ұйымдастырушылар және мамандар басқарады. WSEC-2017 қорытындылары қазіргі әлемнің энергетикалық әлеуетін дамытудағы маңызды кезеңге айналады», - деп атап өтті Б. Жұмағұлов.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді -
COVID-19-ға қарсы вакцинаны алу үшін қалай тіркеледі -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
Қазақстанда дайын өнім тауарларының экспорты артып келеді -
Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, бірақ күзде жағдай өзгеруі мүмкін -
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді -
ҚР АШМ: Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді -
Назарбаев: Бюджетке түсетін әрбір оныншы теңге "Самұрық-Қазынадан" келеді -
Б.Нұрымбетов: Халықтың жұмыспен қамтылуы шілдеден бастап қалпына келеді -
Қазақстанда пестицид, азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіру көлемі артып келеді