Астанада жыл басынан бері 1 874 тұрғын жұмысқа орналастырылды

10 Мамыр, 2017 15:03
Астанада жыл басынан бері 1 874 тұрғын жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 85 – әлеуметтік жұмыс орындар, деп хабарлады Астана халықты жұмыспен қамту орталығы.

Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 5 188 адам тіркелген. Бүгінде олардың 58 пайызы жұмыссыздықтан құтқару шараларымен қамтылды. Атап айтқанда 1 874 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 85-і әлеуметтік жұмыс орындар және 313-і жастар тәжірибесі.

Тағы 1 028 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Айта кетерлік жайт, бүгінде Астананың Жұмыспен қамту орталығының базасында 1 023 жұмыс беруші тіркелген және олар  8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынып отыр. 

Барлық жаңалықтар