• Басты
  • «Жаужүрек полкі» Астананың 20 мыңдай тұрғынының басын қосты

«Жаужүрек полкі» Астананың 20 мыңдай тұрғынының басын қосты

9 Мамыр, 2017 12:36
Астанада «Астананың Жаужүрек полкі - әлем маршы» кең ауқымды шеруін 20 000-ға жуық елордалық қолдап, 1,2 км колоннаға тізіліп жүрді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Ұрпақтар маршы осымен бірнеше жыл қатарынан ерікті негізде өткізіліп келеді. «Жаужүрек полк» акциясы елорда әкімдігінің және Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шараны өткізуге 100-ге тарта ерікті атсалысты.

Айта кетерлік жайт, бұл акция алғаш рет Астанада 2015 жылы өткізіліп, ол кезде шеруге 1500 адам қатысты.  2016 жылы қатысушылар саны 7000-ға дейін артты. Биыл 20 000 адамға жуықтады, олар 1,2 км колоннаға тізіліп жүрді. Бұл қатысушылар саны жөнінен ең ауқымды марш, дейді ұйымдастырушылар.

Барлық жаңалықтар