- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті төрағасы болып сайланды
Қ.Тоқаев Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті төрағасы болып сайланды
Сенаттың ақпараты бойынша, кеңес халықаралық қатынастар саласындағы отандық сарапшыларды біріктіру және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ жаһандық тұрғыдағы күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелерді талқылау және ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде «Әлем дамуындағы ағымдарды жан-жақты әрі терең талдау негізінде Кеңес Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мәселелер бойынша инновациялық қадамдар әзірлейтін алаң болуы тиіс», деп атап өткен болатын.
Отырыс барысында құрылған органның 2017 жылы қызметінің негізгі бағыттары белгіленді. Шетелдік әріптестердің қатысуымен сарапшылар форумын өткізу, зерттеу гранттары мен стипендиялар тағайындау, сондай-ақ жас сарапшыларға арналған Жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарда тұр.
Саясаттанушы Ерлан Карин Кеңестің төрағасы болды. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, отандық жетекші талдау орталықтарының басшылары Кеңес Төралқасының құрамына енді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді