- Басты
- Жаңалықтар
- Теміржолшылар династиясы: 475 жыл теміржолда
Теміржолшылар династиясы: 475 жыл теміржолда
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, ОҚО-ның Арыс қаласында теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан Жаңабаевтар әулеті өмір сүреді. Өткен жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясын жеңіп алған арыстық отбасындағы 17 теміржолшының саладағы жалпы еңбек өтілі 475 жылды құрайды.
Теміржол саласында алғаш болып кәсібін әулеттің отағасы Күшікбаев Тазабек Жаңабайұлы ҰОС кезінде тылда еңбек етіп бастаған, одан соң Арыстағы Теміржол су мекемесінде 36 жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Сол жылдар ішінде ол іргелес жатқан Талдықұдық, Қабылсай, Шағыр станциялары мен разъездеріндегі халықты сумен қамтыған.
Бүгінде 85 жасқа толған Жаңабай ақсақал өмірлік серігі Райхан анамен 63 бірге тату-тәтті өмір сүріп, 7 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан 22 немере, 18 шөбере сүйіп, бүгінде Райхан апамыз Кеңес Одағы кезінде «Батыр ана», Тәуелсіз еліміз берген «Алтын алқа» иегері атанып, құрметке бөленіп отыр.
Арыс қаласы маңындағы бұрынғы Қабылсай бекетінде тұратын Жаңабай қария бастаған теміржолшы мамандығына отбасынан 17 адам қосылып, бүгінде 14-і жалғастыруда. Яғни, 7 ұлы мен екі келіні және 5 немересі ата кәсіпті меңгерген.
Жаңабаевтар әулетінің ұзақ жылдар бойы теміржол саласында сіңірген еңбектері, жеткен жетістіктері мен қабілеттіліктерін, базалық дайындықтарын ескере отырып қоғамда Еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында облыс әкімінің «Үздік еңбек династиясы» номинациясы берілген болатын.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды