IMO Қазақстанға техникалық қолдау көрсетуге дайын

10 Мамыр, 2017 11:26
Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) бас хатшысы Китак Лимге аккредиттеу хатын тапсырды.

Кездесу барысында Е.Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан ашық теңізге тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі үлкен мемлекеттердің бірі  бола тұрып Халықаралық теңіз ұйымымен серіктестікті дамытуға үлкен көңіл бөледі.   Сонымен қатар, елші Каспийдің құқықтық статусын бекіті бойынша келіссөздерді жүргізу барысы, қазақстандық кемежайларды дамыту мүмкіндіктері мен Каспий маңындағы елдермен түрлі салаларда ынтымақтастық орнатуы туралы кеңінен айтып берді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Ерлан Ыдырысов IMO бас хатшысын экономикалық даму және Қазақстанның аймақтағы рөлімен таныстырды. Сонымен қатар, ол үкіметтің ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізііп жатқанын атап өтті және  2017жылдың ақпан айында елімізге IMO міндетті аудитінен өту барысында көрсетілген қолдауға  алғысын білдірді.  

Өз кезегінде Китак Лим Қазақстанның IMO-мен ынтымақтастық орнатуға деген құлшынысын жоғары бағалады. Сонымен қатар,  ол IMO қазақстандық тарапқа қажетті қолдау көрсету шараларын жүргізуді жалғастыратынын және Қазақстан мен Каспий маңындағы өзге де елдерге техникалық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Е. Ыдырысов қазақстандық делегацияның ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айында өтетін IMO басшылығы және мамандандырылған ұйымдарының жұмысына,  атап айтқанда IMO 30-ы Ассамблеясының жұмысына қатысуын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. 

Барлық жаңалықтар