- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейде Әзербайжан туралы фотожұмыстар көрмеге қойылды
Ұлттық музейде Әзербайжан туралы фотожұмыстар көрмеге қойылды
Ұлттық музейдің мәліметі бойынша көрмеге қонақтар мен келушілердің қызығушылығын тудыратын көрме тақырыбын ашатын Әзербайжан фотосуретшілерінің 50-ден астам туындылары қойылды.
Айта кетерлік жайт, фотокөрмені Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Елшілігі Баку қаласында 12-22 мамыр аралығында өтетін Ислам ынтымақтастығының IV ойындарының ашылуы қарсаңында ұйымдастырып отыр.
Сонымен қатар көрме Әзербайжанның жалпы ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 10 мамырда тойланатын 94 жылдығына да арналды.
Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамедовтың айтуынша, конференциялар, форумдар мен көрмелер бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуда өз үлестерін қосып келеді.
«Қазіргі таңдағы әлем үшін толеранттық пен мәдениеттілік жетіспейтін секілді. Дін аралық қақтығыстардың көбейіп бара жатқаны да сондықтан деп ойлаймын. Әлемдік БАҚ ислам дінін террористердің діні ретінде көрсеткісі келіп, іріткі салып бағуда. Қазіргі дүние жүзілік жағдайдан байқап отырғандарыңыздай бұл қақтығыстар жақсылыққа апармайды. Ал, аталмыш келеңсіздіктердің алдын алу үшін қарапайым халықтың мәдениеттілігі мен төзімділігін, дүниені тануын арттыратын көрмелер өткізгеніміз жөн және бүгінгі көрме солардың бастамасы болмақ», - деді ол.
Ұлттық музейден хабарлаандай, көрме 22 мамырға дейін жалғасады.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты