ИИДМБ: 320 жоба жүзеге асырылуда

10 Мамыр, 2017 09:12
Қазақстанда жалпы сомасы 3,7 трлн. теңге болатын 320 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оларда 36 мың тұрақты жұмыс орындары ашылғын, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

Индустрияландыру картасының жобалары өткен жылы 2,2 трлн теңгенің өнімін өндірді, оның ішінде 1,4 трлн теңгенің өнімі қайта өңдеу саласына тиесілі, бұл жалпы сектордың 18%-нан асады.

Орташа есеппен Индустрияландыру картасының жобалары ай сайын 180 млрд теңгеден астам қаржының өнімін өндіреді.

Индустрияландыру картасы бойынша биыл шамамен 700 млрд. теңге болатын 100-ден астам жобаны іске қосу көзделіп отыр. 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6 млрд. теңгенің 10 жобасы іске қосылды. 415 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Бүгінде жалпы сомасы 3,7 трлн. теңге болатын 320 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оларда 36 мың тұрақты жұмыс орындары ашылғын.

Отандық кәсіпорындарды технологиялық модернизациялау үшін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтау бойынша кешенді шараны бекіту жоспарлануда. 

Барлық жаңалықтар