• Басты
  • Қазақстан өңірлерінде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілуде (ФОТО)

Қазақстан өңірлерінде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілуде (ФОТО)

9 Мамыр, 2017 16:05
Қазақстан өңірлерінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілуде.

Өңір әкімдігінің ақпараты бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, ол 1500 азамат қатысқан «Мәңгілік полк» шеруінен басталды. Мерекелік іс-шарада әскери-үрмелі орекстр тақырыптық марш орындап, кейін Абай атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 

Бүгінгі таңда облыста 233 Ұлы Отан соғысының ардагері, 996 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адам, сондай-ақ 19 199 тыл еңбеккері бар.

Бұдан бөлек, Алматыда Жеңіс күнінде қала тұрғындары мен қонақтары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін 28 панфиловшы атындағы саябаққа барып қайтты. 

Салтанатты шарадан кейін қала көшелерінде «Қаһарман ұлт» шеруі өтті. ҰОС фотосуреттерімен қатар, шеруде қазіргі әскери қызметшілердің 146 фотосуретінен жиналып құрастырылған 10 фотоөрнек пайдаланылды.

Қала әкімдігінде осы күндері қала бойынша Жеңіс күніне орайластырылған әр түрлі акциялар өтіп жатқаны атап өтілді. Мысалы, мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының батырларына арналып орнатылған ескерткіштердің алдында күзет қойған. Барлық мектептерде сынып сағаттары, «Ержүректілік сабақтары», әскери тақырыпқа арналған көрмелер өтуде, оларға соғыс ардагерлері міндетті түрде шақырылған. 

Тараз қаласының көшелерінен «Мәңгілік полк» шеруі өтті. Сондай-ақ қалада Мәңгілік алауға гүл шоқтары да қойылды.

Ақтөбе облысында 92 ҰОС қатысушысы мен мүгедегі, соның ішінде 78-і Ақтөбе қаласында тұрып жатыр. Осы айтулы күн қарсаңында оларға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтау хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. 

Әкімдіктің мәліметі бойынша, соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында,Жеңіс күнін атап өту қарсаңында қалалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен әрбір ардагерге 220 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек берілген. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 9165 ақтөбелік 50 мың теңгеден 73 мың теңгеге дейін материалдық көмек алған. Бұдан бөлек, ардагерлер теміржол көлігімен тегін жол жүрумен, жеңілдік берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

ҰОС ардагерлері мәңгі ұмытылмайды, Ұлы Жеңісті атап өту күндері оларға құрмет көрсетіп, қамқорлық таныту әрбір азамат үшін бірінші орында тұрады. Мемлекет бізге өмір сыйлағандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. 

Барлық жаңалықтар