- Басты
- Жаңалықтар
- Ардагерлерге ерлігі үшін жоғары деңгейде сый-құрмет көрсетілуі тиіс – ҚР Президенті
Ардагерлерге ерлігі үшін жоғары деңгейде сый-құрмет көрсетілуі тиіс – ҚР Президенті
«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді ұлы мереке – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл адамзат тарихындағы ең көп қан төгілген соғыс болды, ол ешқандай шайқаспен теңеспейді. Алапат майдан даласында ондаған миллион адамның жаны қиылды. Олардың арасында қазақстандықтар да болды. Бейбіт аспанды сақтап қалу үшін Ұлы Отан соғысына аттанған халықтың жартысы қайтып оралмады, осы соғыс майданында қаза тапты», - деді Н. Назарбаев өзінің құттықтау сөзінде.
Арамызда жүрген және қайтыс болған ардагерлер біздің бақытымызға, біздің тәуелсіздігімізге жол салды, деп атап өтті Президент.
«Сондықтан, біз бүгін Отан қорғаушылар ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоя отырып, біздің ұлы халқымыздың майданда және тылда болған батырларымыздың ерлігі мен еңбегіне деген өз сезімімізді білдіреміз. Сол бір Жеңіс күні болмаса, бүгінгі күн де болмас еді. Барша қазақстандықтарды, ардагерлерді осы Ұлы күнмен құттықтап, барлығына денсаулық тілеймін! Барлық халықтардың бірлігі, бауырластығы және достығы нәтижесінде жеңіске қол жеткізілді. Бүгін біз дәл осы ұранмен өмір сүріп келеміз », - деп тіледі Елбасы.
«Отан корғаушылар» монументі алаңында соғыс жылдарының әндері шырқалды. Рәсімге мыңдаған адам қатысты, олардың арасында Қазақстан астанасы мен өңірлерінен ҰОС ардагерлері де болды.
Ақбота Күзекбай
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда