- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Аргентина ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Қазақстан және Аргентина ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Қазақстандық ведомствоның ақпараты бойынша кездесуге аргентиналық тараптан сыртқы істер министрінің орынбасары Педро Виллагра Дельгадо бастаған СІМ бейінді бөлімшелерінің басшылығы қатысты.
Тараптар екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы өзара қызығушылық атап өтілді. Қазақстандық тарап экспорттық әлеуеті жоғары тауарлар тізімін құрастырып, оны Қазақстан мен Аргентинаның бизнес топтары арасында таратуды ұсынды. Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы, атап айтқанда, аэроғарыш саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әлеуетіне тоқталып өтті.
Дәл осы күні Е. Ашықбаев Аргентинаның Үкімет кабинетінің бірқатар өкілдерімен де кездесті.
Аргентинаның сыртқы істер министрі Сусана Малькоррамен саяси ынтымақтастық мәселелері жайында сөз қозғалды. Аргентинаның СІМ басшысы Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі постындағы басымдықтары туралы ақпараттандырылды. Қазақстандық дипломат қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру мәселелерін ілгерілету аясында Аргентинамен өзара тиімді әріптестікті жалғастыруға сенім білдірді.
Аргентинаның СІМ және қоғамдық пікір істері министрі, Аргентинаның көрмедегі Комиссары Эрнан Ломбардимен кездесуде Аргентинаның көрмеге қатысуына қатысты мәселелер талқыланды. Министр Аргентинаның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы іскерлік ынтымақтастық, энергетикалық диалог, мәдени пікір алмасу мәселелерін қоса алғандағы ауқымды мәселелер тобы бойынша Қазақстан Аргентина қарым-қатынастарының дамуына ықпал ететінін мәлім етті.
Аргентинаның энергетика министрінің орынбасары Даниэль Редондомен кездесуде тараптар жаңартылатын энергия саласын дамыту және осы саладағы ұлттық жоспарлар туралы пікір алмасты. Е.Ашықбаев атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын атап өтіп, қазақстандық атом индустриясының бай зерттеу әлеуетіне назар аударды.
Жалпы, Аргентинада өткен келіссөздер мен консультациялар Қазақстан-Аргентина әріптестігінің одан әрі өсуі үшін едәуір әлеуеттің бар екенін көрсетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді