- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-дан қаракөл терісі Италияға экспортталады
ОҚО-дан қаракөл терісі Италияға экспортталады
Негізінен қаракөл шаруашылығын шөл және шөлейітті аймақтарда көбейтіп, дамыту қолайлы болып келеді. Сондықтан да Арыс ауданының Байырқұм ауылдық округіндегі «Байырқұм-Агро» шаруашылығы қаракөл өсіруді қолға алып, оның санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Бүгінде жайылымдық жері 4900 га құрайтын шаруашылықта бүгінде 2000 бас қаракөл тұқымы өсірілсе, жыл соңына дейін 20 мың басқа жеткізу көзделіп отыр. Бүгінде құнды болып есептелетін қаракөлдің терісін Италия еліне экспорттау үшін келісім шарт жасалған. Өсімтал болып келетін бұл қойдың терісі нарықта 100 АҚШ долларына бағаланып отыр.
Ал, бұл қой тұқымы ұзақ қашықтықта жайыла алады. Яғни, жай қойлар 3-4 шақырым жерге дейін барып жайылса, қаракөл тәулігіне 10-15 шақырымға дейінгі қашықтыққа кетіп жайыла алады. Сондай-ақ, ішілген судың жоғары минералдануын және ауа температурасының күрт ауытқуын жақсы көтереді.
Бұдан басқа, шаруашылықта 5 бірлік МТЗ-80 тракторы мен 3 автокөлігі және 8 адам еңбек етуде. Қаракөл қойын дамыту үшін шаруашылық мемлекеттен 35 млн. теңге субсидия алған.
Сонымен қатар, Созақ ауданындағы «Құмкент» және «Қарақұр» өндiрiстiк кооперативi де осы қаракөл қойын өсiрумен айналысып келеді. Олар өткен жылы қаракөл тоқтысын Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне экспортқа шығарып, тиiмдi бағада сатты. Шетелдiктердiң қой алудағы талаптарынан толықтай шыққан кооператив тағы да бiрқатар қаракөл қойын шетелге сатуды жоспарлауда.
-
Д.Шүкіжанова: 2020 жылы 20 мың отандық көлік экспортталады -
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады -
Қызылордалық молибден үштотығы Жапонияға экспортталады -
Шығыс Қазақстаннан Ресейге бекіре уылдырығы экспортталады -
Оңтүстік қазақстандық мақта талшығы Чехия мен Үндістан еліне экспортталады -
Қазақстандық тауар әлемнің 117 еліне экспортталады -
Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталады -
Иранға ОҚО-дан 20 мың тонна ет экспортталады -
Р.Тәжібаева: Отандық өнім экспортталады (ФОТО) -
ОҚО-дағы «Алтын дән» компаниясы өнімдерінің 60 пайызы экспортталады -
Батыс Қазақстанда мал терісін өңдейтін бірегей зауыт салынып жатыр -
Созақтықтар 2,5 мыңнан астам қаракөл қойын Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттады -
«Азия Авто Қазақстан» өнімінің негізгі бөлімі Ресей мен ОА елдерене экспортталады – ИДМ -
Отандық бағдаршам мен картридждер Қырғызстан мен Беларусь елдеріне экспортталады (ВИДЕОЛЕКЦИЯ 4-бөлім) -
Қазақстанда жасалған: «Пасека» компаниясының 20% балы Қытайға экспортталады (ФОТО)